«Міржақып Дулатұлы: Классика мен Қазіргі заман»
Гимназия кітапханасында Міржақып Дулатұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы презентация көрсетілді, тың деректер айтылды.
Әдеби сайыс 4 тапсырмалардан тұрды:
1-тапсырма. “Міржақыптың сөздері әлемді қалай өзгерткен?”
Топтық зерттеу және презентация. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен тақырыпты зерттеп, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Ортаға шығып әр сынып өз презентацияларын қорғады.
2-тапсырма. “Міржақыптың әлемі”
Онлайн викторина. Бұл кезеңде оқушылар ақынның өмірі, шығармалары мен қоғамдағы рөлі жайлы сұрақтарға жауап берді.
3-тапсырма. “Әдебиет және әлеуметтік желі”
Егер Міржақып біздің заманымызда өмір сүрсе, әлеуметтік желіде қандай ой айтатын еді? Қатысушылар бұл сұраққа креативті жауап берді.
4-тапсырма. “Қазіргі заманға сай өлеңдер”
Ақын шығармаларын жаңа көзқараспен, заманауи стильде бейнежазба арқылы ұсынды. Пародия, ремикс, реп түрінде интерпрецияларын көрсетті.