Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір отбасы – бір кітап» байқауы
09
декабрь
2025

«Бір отбасы – бір кітап» байқауы

2026 жылы 09 желтоқсан күні гимназияда «Бір отбасы – бір кітап» отбасылық әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және отбасылық оқуды дамыту.
Әдеби кеш барысында оқушылар сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, ақын-жазушылар туралы мәліметтермен бөлісті. Кітап жәрмеңкесінде әртүрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, оқушылар өзара кітап алмасты. «Кітап кейіпкерлері» байқауында қатысушылар кейіпкерлер образын сомдап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Бір отбасы – бір кітап» байқауына ата-аналар белсенді қатысып, оқыған кітаптары бойынша пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға қатысушылар жоғары белсенділік танытып, үздік қатысушылар марапатталды. Шара мазмұнды өтіп, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.