Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халықтың үні-Міржақып сөзі»
07
октябрь
2025

«Халықтың үні-Міржақып сөзі»

«Халықтың үні-Міржақып сөзі» тақырыбында 2 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс жұмысым жоспарлы түрде өтті. Сайыс сабағына 2-сыныптар арасынан 7 оқушы қатысты.  Ең алдымен, сайыстың басында оқушылармен амандасып, сыныптан тыс жұмыстың мақсатымен таныстырылды. Кіріспе сөз сөйленді. Оқушылар мен көрермендерге кезеңдерді айтып өттім. Бірінші кезеңде оқушыларға слайд арқылы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты слайд пен бейнеролик көрсетілді.

Келесі «Қаламы ұлтқа қызмет еткен тұлға» бөлімінде оқушыларды ортаға шақырып, Міржақып Дулатұлы шығармашылығынынан өлеңдер оқытылды.Оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп,өлеңдерін жеке-жеке мәнерлеп оқып шықты. Үшінші бөлімде Міржақып Дулатовтың шығармашылығына қатысты сұрақтарға оқушылар жауап берді. Оқушылар ұяшықтағы сұрақтармен жұмыс жасады. Өздеріне ұнаған ұпай саны бойынша ұяшықтарды таңдады. Ішінде келген жан-жақты сұрақтарға   өте белсенді жауап берді.   Бұл кезеңде, ұпай санынан қалып кеткен оқушыларға, өз ұпай санын теңестіріп алуға өте жақсы мүмкіндік болды.Оқушылар бұл кезеңде өздерінің жан-жақты, ізденімпаз екендерін көрсетті.