Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әз-Наурыз мерекесі!
16
март
2026

Әз-Наурыз мерекесі!

16.03.2026 ж күні гимназияда Әз-Наурыз мерекесіне орай іс-шара өтті. Наурыз жаңару мен жақсылықтың бастауы, береке мен бірліктің мерекесі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылатын іс-шаралардың басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына салт- дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Іс-шара аясында ерекше мәнге ие күндердің бірі — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күні халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталады. Оқушылар ұлттық киім киіп, қазақтың тұрмыс-салт көріністерін сахналайды, «Тұсаукесер», «Бесікке салу», «Шашу шашу» сияқты дәстүрлер көрсетіледі. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй шырқалып, би биленеді. Бұл — өскелең ұрпаққа ата-баба мұрасын танытудың маңызды жолы. Сонымен қатар, Наурыз мерекесі аясында аталып өтетін тағы бір маңызды күн Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге бағытталған. Оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, ата-анаға деген сүйіспеншілігін білдіреді. «Менің отбасым менің байлығым» тақырыбында шығармалар, көріністер ұйымдастырылады. Отбасы мүшелерінің бірлігі мен татулығы қоғамның берік негізі екені насихатталады. 
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, үлкендерден бата алады. Наурыз мейрамы қарсаңындағы бұл іс-шаралар — ұлттық мәдениетті жаңғыртып, салт-дәстүрді сақтауға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болып табылады.