"Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалық шақ әлемі қандай ғажап!"
29
май
2023

"Балалық шақ әлемі қандай ғажап!"

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмоб Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылып. 1 маусым – халықаралық балалық шақ мерекесі. Балаларды қорғау күні жаздың бірінші күніне келеді, ол 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан жарқын, шуақты, балалық шақтың нағыз қуанышты мерекесі.
Бұл күні балаларға арналған көптеген жаппай, ойын-сауық және мәдени іс-шаралар өткізіледі. Бұл күні балалар көрмелер мен сайыстардың, концерттік қойылымдар мен спорттық жарыстардың басты қатысушылары болады.
Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана болмай, қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.
Әр балаға ұлтына, терісінің түсіне, нәсіліне қарамастан күлетін, билейтін, ән айтатын, оқитын, бейбіт өмір сүретін және бақытты болатын Әлем қажет.
«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!», «Дети разных народов! Светлое завтра в ваших руках!» тақырыбында шығармашылық флешмоб. Мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.