ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
26.12.2023 ж күні 1-сыныптар бойынша «Әліппе білім бастауы» атты ертеңгіліктер болып өтті. Ертеңгілікте балалар білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін, өнерлерін паш етті. Ертеңгіліктің мақсаты - оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділіктерін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту, оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Ертеңгіліктер әр сынып бойынша жоғарғы деңгейде болып өтті.