ОНКҮНДІК – АШЫҚ САБАҚ. «ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОНКҮНДІК – АШЫҚ САБАҚ. «ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»
29
сентябрь
2023

ОНКҮНДІК – АШЫҚ САБАҚ. «ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»

ОНКҮНДІК – АШЫҚ САБАҚ

«Бабалар сөзі – ұлттық бренд» атты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Буктербаева Жансая Тұрсынқызы 6 «В» сыныбымен «ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты сабағын өткізді.

Сабақ мақсаты ⬇️
📚 Мәтіннен ауызекі сөйлеу мен әдеби сөйлеудің тілдік құралдарын табады;
📚 Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, құттықтау хат жазады.

Мұғалім сабақта «САТАМЫН, САТЫП АЛАМЫН», «ЖАҚСЫ СӨЗДЕР», «ЖҰБЫҢМЕН ТАЛҚЫЛА», «ЖҰМЫРТҚА» әдістерін өзіндік, жұптық, топтық жұмыс барысында тиімді қолданып, сабақты бекіту кезінде GIMKIT сайтында «ГЕЙМИФИКАЦИЯ» әдісі арқылы тапсырма берді. Сонымен бірге кері байланыс алу мақсатында «ПІКІР ҚАЛДЫРУ» әдісі бойынша PADLET тақтасында оқушылар сұрақтарға пікірлерін жазып қалдырды.