«Кітап – өркениет кілті, оқырмандық мәдениеттің болашағы»
01.10.2026ж күні 8-10-сынып оқушылары мен гимназиы мұғалімдері арасында С.Қайыпжанқызы «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша «Кітап – өркениет кілті, оқырмандық мәдениеттің болашағы» тақырыбында тілдік-кафе өткізді.
Мақсаты: Қоғамдағы кітаптың рөлін айқындап, оқырмандық мәдениеттің қазіргі жағдайы мен болашағын саралау;
Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, саналы оқырман қалыптастырудың маңызын түсіндіру және оқырмандық мәдениетті өркендетудің жолдарын ұсыну.
Тілдік-кафе 3 раундтан тұрды. 1-раунда оқушылар «Кітаптың өркениеттегі орны» өзіндік ойларын, пікірлерін қорғады. «Неге кітапты «өркениет кілті» деп атаймыз?», «Қағаз кітап пен электронды кітаптың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?», «Егер кітап болмағанда, адамзат даму жолы қалай өзгеруі мүмкін еді?» сұрақтың төңірегінде керемет ойларымен бөлісті.
2-раундтың қонақтары:
Гимназиямыздың ардақты кітапханашысы- Сегізбаева Назигүл;
Бастауыш сынып мұғалімі- Сатымбаева Гүлмира;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Усенова У.Н, Исова Г.К,Марат Б.М, Сатбаева А.С
Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары- Қадырбаева Фарида Қонысбайқызы. Олар «Қазіргі оқырмандық мәдениет» тақырыбында ой алмасты.
3-раундта екі топтың қонақтары бірге «Болашақтағы оқырман бейнесіне» ерекше тоқталды. Қазіргі кезеңде тек оқыған адамдардың заманы екені баса айтылды. Кітап – өткен мен болашақты жалғаушы алтын көпір, оны сақтау – біздің міндетіміз. Кітап – тек білім ғана емес, рухани қазына, мәдениеттің алтын арқауы. Оқырмандық мәдениетті сақтау – өркениеттің болашағын сақтау деген сөз. Қадірлі оқырман, бүгінгі сұхбаттан сіз де өзіңізге ой түйген шығарсыз. Кітап оқиық, ойланайық, өркениетті бірге жасайық! -деген тұжырыммен аяқталды.

