1 қыркүйек Білім күні » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек Білім күні
01
сентябрь
2022

1 қыркүйек Білім күні

2022 жыл Балалар жылына орай 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда екі ауысымда өткізілді. Салтанатты жиынға жалпы саны 1319 оқушы қатысты. Салтанатты жиын «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарымен  жалғасты.

Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады. 

Міндеттері:  

-        білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;  

-        білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;  

-        отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;  

-        сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.   

Ұсынылады: 

-        балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;  

-        заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.  

Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс. 

Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайнакциясын өткізу ұсынылады. 

Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар: 

-        барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»; 

-        Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»; 

-        2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»; 

-        5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»; 

-        9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»; 

-        Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»; 

-        Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!» атты бейнероликтер әзірлеп, гимназияның әлеуметтік парақшаларында жарияланды.