Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау аясында 2021 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктанттың тақырыбы – «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!».
Өтетін күні: 2021 жылғы 3 қыркүйек.
Ұйымдастырушылар:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент ққ. және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері;
- ҚР облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар, білім ордалары;
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Міндеттері:
- Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту;
- қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.