Құтты болсын бүгінгі Білім күні! » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
01
сентябрь
2021

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы 62 гимназия ұжымы баршаңызды  бүгінгі  қыркүйек -Білім күнімен құттықтайды. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз.
Гимназия табалдырығын жаңа 2021-2022 оқу жылында 130-дан аса жас бүлдіршін аттады. Білім ордасында атаулы күнге орай 1- сыныптарға арналған мерекелік шара 2 кезеңде ұйымдастырылды. Аталған шара барысында гимназия директоры М.Н.Набидоллаева жас бүлдіршіндерге білім кеңістігіне басқан  қадамдарына сәттілік тілеп, әр оқушыға "Әліппе"оқулығын табыстады.