«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен «Sanaly urpaq» жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың есебі 2019-2020 оқу жылы » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен «Sanaly urpaq» жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың есебі 2019-2020 оқу жылы
23
апрель
2020

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен «Sanaly urpaq» жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың есебі 2019-2020 оқу жылы

Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол әдетте қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді  бастан кешіріп отырғанымыз рас. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің  батыл шараларын қабылдамаса оның криминалдық, экономикалық  және әлеуметтік  проблемадан  саяси проблемаға айналып, мемлекеттіңконституциялық негізіне қауіп төндіруі мүмкін. «Сыбайлас   жемқорлықпен  күрес  - заман  талабы». 
    Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиямызда «Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша гимназия мұғалімдері мен қызметкерлеріне арналған арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» гимназия директорының басшылығымен жаңа оқу жылының басында бекітіліп, гимназия мұғалімдері мен қызметкерлеріне таныстырылды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басында оқушылар арасында «Рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу» бағдарламасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубтың 2019-2020 оқу жылына арналған арнайы жоспары да бекітілген. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Гимназияның 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының кешенді жоспары жасалып бекітілді және сынып жетекшілердің де тәрбие жұмыстарының жоспарлары жасалды.  Сынып сағаттарында оқушыларға гимназия директорының білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу» туралы бұйрығы таныстырылды. Гимназия дәлізінде «Ата-аналар назарынан» стенді жабдықталған. Онда Алмалы ауданы прокуратурасының хабарландыруы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сенім телефоны жазылған хабарлама және ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми парақшасына тіркелу туралы хабарламасы ілінген. Гимназияның бірінші қабатында көрнекті жерде Сенім жәшігі орналастырылған. Арнайы комиссия құрылып, сенім жәшігі ай сайын ашылып, ішіндегі хаттар бойынша жұмыста атқарылып отырады. Хаттамасы жазылады. 















Оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынатындығы туралы гимназия бұйрығы шығып ата-аналар мен сынып жетекшілерге таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына 56 (елу алты) оқушы тіркелген. Сонымен қатар клубтың арнайы тақтасы жасалып, клуб мүшелері мен олардың жұмыс жоспарлары, хабарламалары осы тақстаға шығарылып тұрады.










15.10.2019ж күні Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаменттің өкілі Сайлау Оразов 9-10-сынып оқушыларымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңмен таныстырып, гимназия ұжымымен әңгіме
өткізді.












08.11.2019 ж. күні 10«Ә» сыныбында сынып жетекшісі А.Журумбаева «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 













23.11.2019ж күні «Баланы бастан...»-деп қазақ халқында бекер айтылмаған. Болашағымыздың жарқын болары, ол әрине балаға байланысты. Ал балаларымыздың қандай болары –ол ең бірінші тәрбиеге байланысты. Баланың бойына біліммен қатар адалдықты, тәрбиелілікті қатар құю мақсатында гимназиямызда 1-сынып оқушыларына тілашар өткізілді.













 13.12.2019ж. күні «Адал ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен гимназияның үздік оқушылары «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданып, олар ҚР-ның адал азаматы болып өсуге, ел мүддесі үшін озат білім алуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға ант берді.













Гимназияда «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клубтың жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. 21.12.2019ж күні гимназияда Алмалы аудандық ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы К.К.Әуезова, гимназия инспекторы С.Кошкимбаев, инспекторлар А.Дайырбековалардың қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында әңгіме өткізілді.

 











18.01.2020ж күні «Адам құқығы – бала құқығынан басталады» тақырыбында 9-сыныптар арасында пікір алмасу өтті. Ұйымдастырған тарих пәні мұғалімі Н.Сабитова. Пікір алмасу барысында оқушылар өздерінің құқықтық сауаттылығын көрсете білді. Пікір алмасу төрт бөлімнен тұрды, тақырыбы бала құқығына байланысты әр бөлімге оқушылар үлкен дайындықпен келіп өздерінің ұтқыр, саяси сауатты пікірлерімен бөлісті. «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында А. Мусаева 5-сыныптар арасында сайыс сабағын өтті. 9 ә сыныбында Ж.Кирбаева «Үздік құқықтанушы» интеллектуалдық сайысын өткізді. 
    19.02.2020ж күні Гимназияда «Sanaly urpaq» жобасы аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес күні «Адал ұрпақ салауатты өмір салтын қолдайды» тақырыбымен 9-сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өткізілді.














Ай сайын гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен және сынып жетекшілермен гимназия психологтарының қатысуымен  ұлдар мен қыздар арасында «Күш көрсетіп ақша жинамау» туралы  әңгіме өткізіліп отырады. 

















Сурет пәнінің мұғалімі Н.Жүгінісованың ұйымдастыруымен «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы өтті. 9-11-сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты шығарма байқауы өткізілді. Үздік шығарма жазған оқушылар лездемеде марапатталды. Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызмет ардагерлерімен, мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті. «Адал ұрпақ – біздің болашағымыз» атты қорытынды кеш ұйымдастырылды.