Шебер мұғалім-сапалы сабақ » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шебер мұғалім-сапалы сабақ
29
январь
2022

Шебер мұғалім-сапалы сабақ

     Шетел тілдері мұғалімдері бірлестігінің  онкүндігі аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Теміралиева Ақнұр Құдайбергенқызы ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс-тәсілдермен тәжірбие алмасу , сонымен қатар олардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту мақсатында  бүгін 29 қаңтар "Шебер мұғалім-сапалы сабақ" тағырыбында ұстаздарға арналған онлайн коучинг өткізді. 
"Біз даналықты 3 жолмен үйренеміз:
Ойлану-ең ізгі жол,
Еліктеу-ең жеңіл жол,
Тәжірбие -ең ауыр жол" деген Бенедикт Спинозанның қанатты сөздерімен басталған  кочунг "Ынтымақтастық тренингімен" жалғасын тапты.  Мұғалімдер  тренингте  қойылған "Сіздің нағыз мұғалім екеніңізді білдіретін 5 белгіге" белсенді жауап беріп, шебер мұғалім қандай болу керек екені, сонымен қатар сапалы сабақ туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.