"Шетел тілдері бірлестігінің" онкүндігі өтуде » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Шетел тілдері бірлестігінің" онкүндігі өтуде
25
ноябрь
2020

"Шетел тілдері бірлестігінің" онкүндігі өтуде

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда "Language is the soul of a nation" тақырыбы аясында жоспарланған шетел тілдері бірлестігінің онкүндігінде қарашаның 24-25 күндері ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ұ.Сарпбек, Г.А.Бегимбетова, А.Қ.Теміралиева онлайн ашық сабақтарын өткізіп, сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Ұ.Сарпбек 4 “А” - сыныбына “Our Planet’s Treasure” тақырыбына онлайн түрде сабақ өтті. Сабақ Zoom платформасында өткізілді.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында "Liveworksheet" платформасын қолданды.

Г.А.Бегімбетова 8 ”А” - сыныбына “TV programmes” тақырыбына онлайн сабақ өткізіп, сабақта тиімді әдіс тәсілдер мен тиімді оқу платформаларын (Zoom, Jamboaard, Quizzes com) қолданды.

А.Қ.Теміралиева 9 “Б” - сыныбында өткізілген “Location” атты онлайн сабағында тиімді әдіс-тәсілдер мен платформаларды ( Google form, Zoom, Active board,Quiz test) ұтымды пайдаланып, гимназия мұғалімдерімен бөлісті.