"Language is the soul of a nation" атты шетел тілдері бірлестігінің онкүндігі аясында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар мен коучингтер өткізілуде. » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Language is the soul of a nation" атты шетел тілдері бірлестігінің онкүндігі аясында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар мен коучингтер өткізілуде.
24
ноябрь
2020

"Language is the soul of a nation" атты шетел тілдері бірлестігінің онкүндігі аясында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар мен коучингтер өткізілуде.

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған "Language is the soul of a nation" атты шетел тілдері бірлестігінің онкүндігі аясында ZOOM платформасы арқылы ашық сабақтар мен коучингтер өткізілуде.
23-24 қараша күндеріне жоспарланған жұмыстардың қорытындысы бойынша:
23 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Қ.Теміралиева "Мектепте сабақ зерттеу топтарын қалай тиімді құрылымдаймыз" тақырыбында мұғалімдерге коучинг өткізіп, коучинг барысында қашықтан оқыту барысында қолданылатын тың ақпараттарды ұсынып, танымдық тәжірибесімен бөлісті.
24 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімі З.Б.Ажибаеваның "Virtual reality" атты ашық сабағы ZOOM платформасында 10 "Б" - сыныбымен өткізілді. Сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдер мен платформалар, атап айтсақ, Google form, Padlet-пен жұмыс ұтымды жүргізіліп, сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
Сонымен қатар 24 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Т.Абдуллаеваның 2 "А" сыныбында өткізілген "Around school" тақырыбындағы ашық сабағы оқушылардың жас деңгейіне байланысты таңдалған әдіс-тәсілдер негізінде қызықты өтті. Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақта "Лото" және "Адасқан әріптер" әдісі ұтымды шығып, оқушылар сабақта белсенді қатысты.