12
ноябрь
2020
М.М.Ергалиева "Сабақ барысында оқушылардың қажетттіліктерін ескере отырып, қалай қолдау көрсете аламыз?" тақырыбында коучинг өткізді.
12 қараша күні Алматы қаласы Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ф.К.Кадырбаеваның ғылыми әдістемелік жоспарына сәйкес I деңгейлі көшбасшы мұғалім М.М.Ергалиева "Сабақ барысында оқушылардың қажетттіліктерін ескере отырып, қалай қолдау көрсете аламыз?" тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында ұстаздардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, табысты оқуына қолдау жасаудың тиімді жолдарын ұсынып, іс-тәжірибесімен бөлісті және Jamboard тақтасымен жұмыс жасаудың тиімді жақтарын көрсете білді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету, мұғалімнің назарынан тыс қалмауын, оқу дағдыларын қалыптастыру жұмысы жеңілден күрделіге қарай бағыттауды және ата-аналармен тығыз байланыста болу керектігін айтып өтті.
Гимназия ұжымының атынан Ергалиева Марфуга Мелсқызына еңбегіңізге жеміс, шығармашылығыңызға табыс тілейміз.
@almalyaudandykbilim
@edu.almaty
#62_gymnasium_officiall
#коучинг
Гимназия ұжымының атынан Ергалиева Марфуга Мелсқызына еңбегіңізге жеміс, шығармашылығыңызға табыс тілейміз.
@almalyaudandykbilim
@edu.almaty
#62_gymnasium_officiall
#коучинг