Онлайн форматта ата-аналар жиналысы болып өтті » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Онлайн форматта ата-аналар жиналысы болып өтті
21
октябрь
2020

Онлайн форматта ата-аналар жиналысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Алмалы ауданындағы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда онлайн форматта ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында гимназиядағы оқу-тәрбие жұмыстары бойынша I тоқсанда атқарылған іс-шаралар есебі және I тоқсанның қаржылық есебі баяндалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша гимназия директорының м.а. М.Н.Набидоллаева сөз алып, 2020-2021 оқу жылында оқу-тәрбие бағытында жоспарланып, атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып, алғашқы оқу тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап өтті. Сонымен қатар гимназиядағы I тоқсандағы қаржылық есеппен таныстырып, жұмсалған қаражатқа жеке-жеке тоқталып өтті. Жиналысты қорытындылай келе, күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешім қабылданып, I тоқсан бойынша қаржылық есеп мақұлданды.
#62гимназия
#атааналаржиналысы
@edu.almaty
@almalyaudandykbilim
@62_gymnasium_official
@myramgul_nabidollaeva