9-сынып оқушыларын қашықтан "Адал ұрпақ" клубына қабылдау жиыны болып өтті » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-сынып оқушыларын қашықтан "Адал ұрпақ" клубына қабылдау жиыны болып өтті
09
октябрь
2020

9-сынып оқушыларын қашықтан "Адал ұрпақ" клубына қабылдау жиыны болып өтті

Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси құқықтық білімді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқының адамгершілік, этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру мақсатында 09.10.2020 ж күні Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салимханова Әлия Саматқызының ұйымдастыруымен 9-сыныптың отыз оқушысын қашықтан "Адал ұрпақ" клубына қабылдау жиыны болып өтті. Жиынды гимназияның "Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі" Мусаева Айнұр Асановна жүргізді.
Жиынға арнайы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы @tokushev_k шақырылды. Онлайн форматында өткізілген салтанатты жиынның құттықтау сөзін гимназия директоры м.а Набидоллаева Мирамгул Набидоллақызы алды.
Қайыржан Ахметбекұлы оқушыларға адалдық, мейірімділік және парасаттылық мектебін құру жолында адами құндылықтарды сіңіру керектігін түсіндірді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп пікір алмасты.
Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі.
@edu.almaty
@almalyaudandykbilim
#адалұрпақклубы
#62_gymnasium_officiall