1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
26
ноябрь
2021

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

1- жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз, 
 Елін сүйген Елбасы деп білеміз. 
 Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан 
 Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 

 Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, 
 Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. 
 Елбасыны құрметтейтін ерекше 
 Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! 
 
 2- жүргізуші: 
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, 
 Қазақ елін мойындауда дос таңдап. 
 Елбасының еңбегімен нұрлана 
 Қазағымның мерейі тұр аспандап. 
 
 Елі үшін олжа салып қиырдан, 
 Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. 
 Мерекеңіз құтты болсын көпшілік 
 Елбасының құрметіне жиылған! 
 
 1- жүргізуші: 
Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 
1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. 

 2- жүргізуші: 
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – ТұңғышПрезидент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.  

 
 
1- жүргізуші: 
Елі үшін көтеріп нар жүгін де, 
 Сенімі нық сезілетін үнінде. 
 Аты озған дүниедегі дүбірде 
 Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! 
 
 Қазақстан Мемлекетінің ТұңғышПрезиденті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.  

 Әскери дайындық пәні мұғалімі Аусофин М.
Сап, түзел, Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жиынға енгізілсін!  
  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын! 
(Гимн орындалады) 

 2- жүргізуші:
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
 Қазақстан – қазағымның туған елі.
 Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
 Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
1- жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім. 
 Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
 Бұл даланы анам жаспен суарған,  
 Бұл далада атам қолға ту алған,
2- жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік,  даналық, 
 Елін сүйген елі үшін жаралып. 
 Сол кісідей болса - болсын әр алып 
 Адамдықтың алмастырмас үлгісі 
 Бір өзінен жатқаны шын таралып 
 Гимназия оқушыларынан құралған Наргыз би ансамблнің «Қазақ» биін қабыл алыңыздар! 
1- жүргізуші: 
Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
 Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
 Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
 Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

 2 жүргізуші:
Қазақта өлең деген жауһары бар,
 Өлеңде арнау деген гауһары бар.
 «Мен-қазақ» деген әрбір текті ұлдың
 Жақсыға арнау айтар қауқары бар,- деп келесі кезекті гимназия оқушыларының  арнау өлеңдеріне  береміз.
2- жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
 Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
 Мен оның қасиетті тілін сүйем,
 Мен оның құдіретті үнін сүйем.
 Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
 Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
 
 
1- жүргізуші:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2011 ж.    6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.
2- жүргізуші:
Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз  Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
1- жүргізуші:
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
  1. Құқық және тәртіп фракциясы.
  2. Ақпарат фракциясы.
  3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
  4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
  5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
  6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
  7. Дебат қозғалысының фракциясы.
  8. Экология және еңбек фракциясы.
2-жүргізуші: Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
2021-2022 оқу жылында гимназиямызда «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер өзін-өзі  басқару   ұйымы мектеп парламентінің    көшбасшысына үміткер 6 оқушы өздерінің сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізіп, мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.
1- жүргізуші:
Ал  24 қараша күні гимназиямызда  өткен сайлауында өз дауыстарын беруге гимназия оқушылары мен ұстаздары  қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша үміткерлердің жинаған дауысы:
  1. Айдосұлы Жақсылық –  10,6 % дауысқа ие болды.
  2. Бейсекенова Балауса – 9,1 %
  3. Иса Тоғжан  – 6,6 %
  4. Исахан Аяулым – 9,7 %
  5. Раимбекова Мадина – 21,3 %
  6. Абдуғаниұлы Дінмухаммед - 62,4 % дауысқа ие болып, гимназияның «Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы» ретінде Дінмухаммед Абдуғаниұлы тағайындалды.
2- жүргізуші: Жалпы өзін-өзі басқару ұйымына көшбасшылығына қатысып, өз кандидатураларын ұсынған барлық қатысушыларымыз парламенттің 8 фракцияларының төрағалығына өтеді. 
Бүгін міне Елбасының бастамасын әрі қарай жалғастыру мақсатында Өзін-өзі басқару ұйымы, мектеп парламентінің көшбасшысын Салтанатты түрде жариялап, АНТ қабылдау рәсіміне шақырамыз!
Дінмұхамме АНТ қабылдайды.
1- жүргізуші:
Аға буынның артынан ілесіп, көшін жалғап, Өзін-өзі басқару ұйымының құрамына қабылдауға 2,5 және 6 -сынып оқушыларын  шақырамыз!
Жас Ұлан әні орындалады
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатында галстук тағу рәсімін «Жас Ұлан» ұйымының төрағасы мен ұйым мүшелеріне береміз. Қол соғып, қошеметтейік! 
2- жүргізуші:
Азаттық, теңдік әлемі, 
 Шаттыққа елді бөледі. 
 Тағдыры тарих өрелі 
 Көк тудың желбірегені! 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқушыларының орындауында «------------------» әні қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
2- жүргізуші:
Жырға қосып атыңды мақтанудан жалықпа,
 Білдіреміз мың алғыс қара ормандай халықтан.
 Ұзақ болсын жасыңыз қазақтың бірегейі,
 Тыңнан табар тура жол Елбасымыз данышпан!

 2- жүргізуші:
Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті күніне байланысты ұйымдастырылған  мерекелік салтанатты жиын жабық деп жариялаймыз!