Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемесінен. » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемесінен.
27
апрель
2020

Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасы Президентінің мәлімдемесінен.

Қазақстан Республикаысының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдайды ұзартуға байланысты мәлімдеме жасады. 
Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде, "Бұл кезеңнің  жұртшылыққа оңай тимегендігін және кейбір азаматтар жұмысын жоғалтып, табыссыз қалғандығын атап айтты. Қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдағанын, соның арқасында індет жаппай таралған жоқтығын басып айтты. Бүгінгі күні елімізде 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетіліп, 
570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет. Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін! Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!"-деп өз сөзін халыққа үлкен сенім артатындығын айтып аяқтады.