09
май
2025
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 80 ЖЫЛ!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия ұжымының ұстаздары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше шара өткізді.
Жеңіс күні – еліміздің тарихында үлкен маңызға ие оқиға. Бұл күнге орай гимназия ұстаздары “Жеңіс күні" әнін орындап, сол кездегі қиын-қыстау кезеңдер мен Жеңіс күнін бізге сыйлаған майдангерлерге арнаған ерекше құрметін білдірді. Әннің сөзі мен әуені жүрек тербейтіндей, оның мәні мен мағынасы қазіргі ұрпақ үшін өте маңызды. Ұстаздар өздерінің дауыстарымен, бірлігімен, патриоттық рухымен көпшіліктің жүрегін қозғады.
Шара барысында гимназия ұжымы соғысқа қатысқан ардагерлер мен сол кездердегі жеңісті жақындатуға үлес қосқан тұлғаларды еске алып, оларға деген алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, білім ордасында ұйымдастырылған патриоттық тәрбие жұмыстарының аясында оқушыларға тарихи деректер мен Ұлы Отан соғысының мәні туралы ақпараттар берілді.
https://youtu.be/yH0vu-4ZD84?si=9H80LX_dZfd4beGU