Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаттары
05
май
2025

Сынып сағаттары

 05.05.2025 ж күні "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға батырлық пен ерлік, отансүйгіштік пен бейбіт өмірдің қадірі кеңінен түсіндірілді. Ұлы Женістің тарихи маңызы мен ардагерлердің ерлігі туралы әсерлі естеліктер айтылып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталған мазмұнды болды.
  Сонымен қатар Аналар күні мен Халыкаралық Отбасы күніне орай «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор шаралар жүзеге асырылды. Бұл кездесулерде отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлер мен ата-ананың рөлі жайлы тағылымды ойлар ортаға салынды. Қауіпсіздік сабақтары шеңберінде "Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік", "Өрт қауіпсіздігі" тақырыптарында сабақ өткізілді.