13
декабрь
2024
"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымына қабылдау рәсімі
2024 жылдың 13 желтоқсан күні "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.
Салтанатты жиынға гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Даулетбақ және гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Шалдырмасова мен А.Мусаева қатысты. "Жас Ұланға" гимназияның белсенді оқушылары қатысты.
Жиынға гимназияның озат, үлгілі шәкірті ретінде 4-сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 25 оқушы, 5- сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 20 оқушы қабылданды. Мерекелік шараны гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Даулетбаққызы ашып, оқушыларды құттықтап өтті.
Оқушылар ант қабылдап, оларға гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен гимназия ұстаздары галстук пен төсбелгі тақты.