РУХАНИ КЕЗДЕСУ » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РУХАНИ КЕЗДЕСУ
23
сентябрь
2022

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

РУХАНИ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Шона Смаханұлы атындағы 62 гимназияда “Отбасы - тәрбиенің басты ұясы” атты гимназияішілік ата-аналармен рухани кездесу болып өтті.

Кездесу гимназия директоры М.Н.Набидоллаеваның алғы сөзімен басталып, психолог - ұлттық құндылықты дәріптеуші Раушан Дәулетқызының “Балалықтан даналыққа” тақырыбындағы логотерапиясымен жалғасын тапты.

Сонымен қатар ағымдағы

🔷2022-2023 оқу жылындағы білім мазмұнындағы өзгерістер;
🔹Отбасылық құндылықтар, оның бала үшін маңызы. / сынып жетекшілер дөңгелек үстел;
🔷Баланы зиянды әрекеттерден аулақ ұстау.
/ 5-11-сыныптар
🔹Гимназияда жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігі туралы хабарлау;
🔷1-4-сынып оқушыларының «Жол картасы» бағдарламасы аясында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігі туралы хабарлау.
🔹Жаңа оқу жылындағы оқулықтардың оқулықпен толық қамтамасыз етілуі;
🔷Гимназия директорының «Гимназияда ақшалай қаражат жинауға тыйым салу» туралы 01.09.2022ж күнгі №145 бұйырығымен таныстыру жұмыстары да айтылып өтті.

Жиналыстың соңы ашық сұқбатпен жалғасты.
Ата-аналар тарапынан асхана мәселесіне, оқушылардың сабақ кестесіне қатысты сұрақтар қойылып, ол сұрақтардың барлығы шешімдерін тапты.

#62гимназия
@gymnasium_62_official
@edu.almaty
@almaly_roo