Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді
17
сентябрь
2020

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді

Бүгін Шона Смаханұлы атындағы 62 гимназияда қашықтан оқыту форматын пайдалана отырып, жалпыреспубликалық 1-11 cынып ата-аналарының жиналысы өткізілді.
Қашықтан оқыту форматын пайдалана отырып, өткізілетін жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төменгі мәселелер қаралды:
1.1 «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
2. Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық платформалардың ауыстырылуы;
3. Оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас) егжей-тегжейлі айтылды;
4. Оқу тапсырмаларының көлемі және оқушылардың шамадан тыс оқуы;
5. Мектеп формасы (қашықтан оқу кезінде ең бастысы балаға ыңғайлы киімнің болуы);
6. Балаларды ынталандыру және жауапкершілігін арттыру;
7. Интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-аналар бақылауы мәселелері;
8. Тазалық-денсаулықтың кепілі екенін ескере отырып, оқушыларға пандемия кезінде вирустық инфекцияның алдын алу жұмыстарын бақылау ата-ана жауапкершілігінде екені айтылып, ескертілді.
#62гимназия
#almalyaudany
#жалпыреспубликалықатаанажиналысы