20
февраль
2021
"Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн жүздесу өткізілді
Қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқық бұзушылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ "мектеп-бала-ата-ана" қарым қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда 20 ақпан күні 5-9 сынып ата-аналарымен "Директорлық сенбі - ата-ана үні" онлайн жүздесу өткізілді. Кездесу барысында ата-аналар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға гимназия әкімшілігі толықтай жауап берді. Ата-аналар бұл жүздесуге қызығушылық танытып алғыстарын білдірді.