13
декабрь
2021
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әр апта сайын штаб отырысы өткізіледі. Штаб отырыснда қаралған мәселелер қорытындысын штаб отырысның төрайымы ДТІЖО А.А.Мусаева гимназия директоры М.Н.Набидоллаеваға құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінде баяндама жасайды. Жоспар бойынша бүгін штаб отырысы болып өтті. Штаб отырысында "Қылмыс және жасөспірім(құқықбұзушылықтың алдын алу)" тақырыбы бойынша сынып жетекшілер баяндама жасады. Бұзақылыққа бейім топ оқушыларын анықтау мақсатында гимназия әкімшілігі мен инспекторы біріге отырып жұмыс жүргізді. Гимназияда жасөспірім арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында осы және басқа да іс-шаралар жүргізілуде.