15
август
2025
Оқушыларды жаңа 2025-2026 оқу жылына кітаппен қамтамасыз ету
Гимназия кітапханасының басты мақсаты жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге баса назар аударып, оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Осы орайда кітапханашы гимназия ұжымымен бірлесе отырып, мектепішілік, аудандық, өткізілген жұмыстарға ат салысып рпаө тәрбиесінде белсенді рөл атқаруда.
Кітапхананың басты міндеттерінің бірі оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.Алматы қаласы, Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда 2025-2026 оқу жылында жалпы саны 49 (қырық тоғыз) сынып комплектісі бар.
Гимназия оқушылары тамыз айының 10.08. -25.08.2025ж. аралығында арнайы құрылған кесте бойынша оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.