Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
«Мектебім мейірім мекені» тақырыбы алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2023
«Мектебім мейірім мекені» тақырыбы алғашқы қоңырау
Бар мектептің басталар бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны. Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт, Құтты болсын бүгінгі Білім күні! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Мектебім мейірім мекені» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынынан көріністер. 
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
01
август
2023
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясының өткізілетіндігін хабарлаймыз. Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі. Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.
ЖАС ТҮЛЕК-2023!
21
июнь
2023
ЖАС ТҮЛЕК-2023!
21.06.2023ж күні «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты мектеп бітірушілердің жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. 2022-2023 оқу жылында гимназиямызда 72 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 10 оқушы АЛТЫН БЕЛГІ иегері және 3 оқушы ҮЗДІК АТТЕСТАТпен аяқтады. Ата-ана тәрбиелеп балапанын, Әлдилеп, аялаған алақанын, Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар, Ойлауменен алдағы бала қамын – дей
АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ.
19
июнь
2023
АТТЕСТАТ ТАПСЫРУ.
 Бүгін 2022-2023 оқу жылында гимназиямыздың 9-сынып оқушыларының негізгі орта мектепті бітіру туралы аттестаттары тапсырылды. Білім жолындағы алғашқы ресми құжаттарымен құттықтаймыз! "Білім инемен құдық қазғандай"-деп дана халқымыз айтпақшы өмір жолында ізденімпаз, білімді жастарымыз көп болсын! 
БІЗДІҢ ЖЕҢІС
08
июнь
2023
БІЗДІҢ ЖЕҢІС
Алматы қаласы әкімдігі, «Бозторғай» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «БОЗТОРҒАЙ» балалар шығармашылығы ХХV халықаралық конкурсының 25 жылдығына орай өткізілген «Хореография» номинациясы бойынша гимназиямыздың «Наргиз» би үйірмесінің оқушылары үздік өнер көрсетіп, СУПЕР ГРАН-ПРИ жеңімпазы атанып, 200 000тг көлеміндегі сыйлыққа ие болды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне тура келді. Бұл жеңіс біздің балалар үшін үлкен сыйлық болды. Байқау