АҚПАРАТ » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АҚПАРАТ
03
январь
2024

АҚПАРАТ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек.
«Eqemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатынан 
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек” тақырыбында сұхбат берді.
-Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды.