Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абай оқулары" байқауы
09
сентябрь
2021
"Абай оқулары" байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және  қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастырумен өткен XXII Республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңінде  "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша  гимназиямыздың 8-сынып оқушылары Бақытжан Аяулым жүлделі III орынды иеленсе, "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша Тілеубердина Асем жүлделі II орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын! Гимназия мәртебесі арта берсін!
"Нью-Йорктің жұлдызды  жолдары"
26
июнь
2021
"Нью-Йорктің жұлдызды жолдары"
Ағымдағы жылдың маусым айында Нью-Йоркте  өткен халықаралық "Нью-Йорктің жұлдызды жолдары" байқауына  Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның музыка пәні мұғалімі Т.Әлімбайұлының  жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Айдарұлы Әлмерек қатысып, жоғарғы топ арасында "Ұлттық аспап" номинациясы бойынша жүлделі I орынды илеленді. Гимназия мәртебесін халықаралық деңгейде танытып жүрген мақтанышымыз Әлмерек Айдарұлын және жетекшісі Тасқын Әлімбайұлын үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Мен бақытты баламын" атты эссе байқауы өткізілді.
01
июнь
2021
"Мен бақытты баламын" атты эссе байқауы өткізілді.
7-8 сыныптар арасында "Мен бақытты баламын" атты эссе байқауы өткізілді. 
"Managment Italian Festivals"атты Халықаралық өнер байқауында А.Әлмерек Бас жүлдені иеленді
04
май
2021
"Managment Italian Festivals"атты Халықаралық өнер байқауында
Италияның Пинето қаласында өткен "Managment Italian Festivals"атты Халықаралық өнер байқауында гимназиямыздың 10 "Б" сынып оқушысы Айдарұлы Әлмерек "Халықтық орындау" жанры бойынша Бас жүлдені (Гран при) иеленді. 
"БАРЛЫҒЫ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ" жобасының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды
22
февраль
2021
"БАРЛЫҒЫ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ" жобасының жеңімпаздары
"Өзін-өзі тану - махаббат пен шығаршылық педагогикасы" ақпараттық кампаниясы аясында өткен "БАРЛЫҒЫ СҮЙІСПЕНШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ" атты қалалық әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары гимназиямыздың 7-сынып оқушылары Түзелбай Гульнафис, Жангалиева Жансая, Даулетбек Жұлдызай жүлдеді🥇 I орын алып, дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: Тышманова Чаризат Асетовна.
II орын алғаны үшін Едіге Шыңғыс марапатталады
21
февраль
2021
II орын алғаны үшін Едіге Шыңғыс марапатталады
"Бүкіл Қазақстандық Ұйым Кекушинкай каратэ" Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Алматы бөлімі Алматы қаласы бойынша каратэ өнерінен жаңадан келген ЖАС спортшылардың чемпионаты 7 жас аралығында 125 келі салмақ дәрежесінде II орын алғаны үшін Едіге Шыңғыс марапатталады.
Әділнұрқызы Аружан,  "Абай әлемі" атты I республикалық шығармашылық байқауының III дәрежелі диплом иегері
16
январь
2021
Әділнұрқызы Аружан, "Абай әлемі" атты I республикалық шығармашылық
9 "Б" сынып оқушысы Әділнұрқызы Аружан,  "Абай әлемі" атты I республикалық шығармашылық байқауының III дәрежелі диплом иегері атанды.
Тохар Гауһар "СИЯНИЕ ОСЕНИ" атты I Халықаралық шығармашылық өнер байқауының жүлдегері атанды
30
декабрь
2020
Тохар Гауһар "СИЯНИЕ ОСЕНИ" атты I Халықаралық шығармашылық өнер
7 "В" сынып оқушысы Тохар Гауһар "СИЯНИЕ ОСЕНИ" атты I Халықаралық шығармашылық өнер байқауының жүлдегері атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Қадыр оқулары" шығармашылық байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді
26
декабрь
2020
"Қадыр оқулары" шығармашылық байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді
III қалалық "Қадыр оқулары" шығармашылық байқауына қатысып жүдеді орындарды иеленді
Әділжан Аружан II дәрежелі дипломмен марапатталды.
26
декабрь
2020
Әділжан Аружан II дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Ақындар айтысы" номинациясы бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Әділжан Аружан II дәрежелі дипломмен марапатталды.