Гимназия мақтаныштары » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Гимназия мақтаныштары
30
октябрь
2021

Гимназия мақтаныштары

"Aipha  Academy" бастамасымен 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған Алматы қалалық онлайн дебат турниріне Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның 9- сынып оқушыларынан құралған "Жалын" тобы қатысты. Аталған топ "Қазақстанда вакцинация әрбір азаматқа міндетті болу керек пе?", "Жаңартылған энергия қазбалы отынның орнын басу қажет" тақырыптары бойынша  белсенділік танытып, нәтижесінде  жүлделі 2 орынды иеленіп,  ұйымдастырушылар ұсынған "Aipha  Academy"-дің дайындық курстарына арналған 75000 тг сертификатын ұтып алды. Топ құрамында болған гимназия оқушылары Асқарбай Аяжан, Раимбекова Мадина, Шерғали Нұрай,  арнайы сертификаттармен марапатталды, сонымен  қатар қалалық турнирге оқушы қатыстырып,  жүлдегер дайындағаны үшін  топ жетекшісі гимназияның өзін-өзі тану пәні мұғалімі Р.А.Ушуроваға алғыс хат берілді.