2023 жыл бойынша ҚОРЫТЫНДЫ » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жыл бойынша ҚОРЫТЫНДЫ
26
декабрь
2023

2023 жыл бойынша ҚОРЫТЫНДЫ

📌Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен «БАБАЛАР АМАНАТЫ» байқауына гимназиядан Сарсембаева Багдагүл Бақытқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
📌 ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “ҚАЗАҚСТАН - МЕНІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМ” жалпыұлттық байқауына гимназияның 8-сынып оқушысы Рамазан Нұрай қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жетекшісі Махтагул Турсынбаевнаға да аталған орталықтан арнайы АЛҒЫС ХАТ табысталды.
📌 Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық “МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ” байқауының қалалық кезеңінде “Шашақты найза, шалқар күй” күй орындау бағыты бойынша гимназияның 10-сынып оқушысы Смағұл Темірлан жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңде ІІ орынды иеленді.
📌 Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның 10-сынып оқушылары Алматы қаласының 7-12 сынып оқушылары арасында өткен БРИТАНДЫҚ ПАРЛАМЕНТТІК ФОРМАТ бойынша
“SHAPAGAT CUP I” қалалық пікірсайыс турниріне белсене қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қоса “ҮЗДІК ПОСТ” номинациясымен марапатталды.
📌 Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «ALMATY USTAZY» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы гимназияның биология пәні мұғалімі Тағаева Құралай Ардаққызы жүлделі
ІІІ орын иеленді.
📌9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, қалалық кезеңге жолдама алды.
📌3-6 сынып оқушылары арасында өткен “Алтын сақа” олимпиадасында оқушыларымыз І,ІІ орын иегерлері.
📌Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларымыз ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары атанып, республикаға жолдама алды. 

Похожие публикации:

11 декабрь 2023 БҮГІНГІ ЖЕТІСТІК
16 ноябрь 2023 Бүгінгі жетістік