“Ділмар - жаңалық” » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ділмар - жаңалық”
29
сентябрь
2023

“Ділмар - жаңалық”

Республикалық “Абай” мектебінен @abai_rmmi бастау алып, іргесі кеңейіп, қанаты кеңге жайылып бара жатқан шешендік өнерді оқыту, насихаттау мен дамыту бағытының жақсарғаны - ұлттық рухани мұрамызды жаңғыртуға деген ынта-ықыластың артқанын айғақтайды. Күні кеше ғана Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы маңдай алды білім ордаларының бірі - Шона Смаханұлы атындағы #62-гимназиядан жақсы ұсыныс түсті. Атап айтқанда, аталған оқу орнынан шешендік өнерді дамыту мақсатында арнайы үйірме құрып, талантты шәкірттерді тәрбиелеу ісі жолға қойылмақ. Бұл игі бастаманы сәтті жүзеге асыру, жас ұрпаққа жақсы өнегені үйрету үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Дәулетбаққызы
республикалық “Ділмар” шешендік өнерді дамыту клубының президенті Жарқын Сәленұлын тәлімгер ретінде жұмысқа шақырды және бағыт-бағдарын ақылдасты. Нәтижесінде Абай атындағы РММИ-дің “Ділмар” үйірмесімен @dilmar_uiirmesi шығармашылық байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасып, кездесулер мен сайыстар өткізіп тұруға, гимназия тарапынан шешендікті дамытуға жағдай жасап, қолдау көрсетуге уағдаласты. Ұлттық мұрамыз ұлықтала берсін!

“Ділмар - жаңалық”.