5-сыныптармен Дәрия Әбіқұлқызы Сарқытпаевамен кездесу ұйымдастырылды » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » » 5-сыныптармен Дәрия Әбіқұлқызы Сарқытпаевамен кездесу ұйымдастырылды
15
декабрь
2020

5-сыныптармен Дәрия Әбіқұлқызы Сарқытпаевамен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай жас ұрпақты өз елін сүюге, мәңгілік еліміздің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүю мақсатында гимназия әкімшілігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Б.Сарсембаева жетекшілік ететін 5 "А" сыныбының кезекші тобындағы оқушыларымен "Еңбек ардагері", Қоғам қайреткері, "Намыс" орденінің иегері, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл" мерекелік медальдарының иегері Дәрия Әбіқұлқызы Сарқытпаевамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Дәрия Әбіқұлқызы оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге шақырды.