Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
14
декабрь
2018

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралар есебі
11.12.2018ж күні Гимназия №62 имени Ш.Смаханулы да 1-11- сыныптарда  Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 
14.12.2018ж күні «Ел бақытын тербеген Тәуелсіздік!» атты кездесу  кеші өткізілді. Кешке Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы,  Алмалы аудандық бөлімінің төрайымы Шонитбаева Гульмира және желтоқсан оқиғасының қатысушылары мен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Сарбаев Серікболсын Арыстанұлы  арнайы шақырылды. Сонымен қатар Ұлан балалар мен жасөспірімдері республикалық жагетінің редакторы, гимназия оқушылары мен гимназия ұстаздары және ата-аналар да қатысты. Кездесу кешінде оқушылар желтоқсан оқиғасының қатысушыларына арнап ән айтып, би билеп қойылымдар қойды.  Желтоқсан оқиғасының қатысушылары өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен оқушылармен бөлісті. Сонымен қатар, 5-сыныптардың озат оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Кеш соңында желтоқсан оқиғасы қатысушыларына арнап гимназия оқушыларының қолынан шыққан қолөнер туындылары сыйға тартылды.