«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиыны » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиыны
06
май
2024

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиыны

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Осыған орай,гимназиямызда 06.05.2024ж. күні Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты жиыны өткізілді.

Атаулы жиынымызда бейбіт өмірге жете алмаған, жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымыздың, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Сонымен қатар, сұм соғыстың шағын бейнесін гимназиямыздың 10 сынып оқушылары сомдап берді.Одан бөлек «Қыздар-ай вокалды тобын»  Катюша әнімен ортаға шығып, гимназиямыздың әсем қыздары «Наргиз би» ансамблі би билеп берді. «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» - дей келе,гимназиямыздың оқушылары Ұлы Жеңіс үшін қаза тапқан батырларымыз үшін өздерінің жыр шумақтарын арнап, өздерінің арнаған әндерін де шырқап берді.