Тәуелсіздікке 30 жыл » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » Тәуелсіздікке 30 жыл
14
декабрь
2021

Тәуелсіздікке 30 жыл

    Ата-баба аңсаған  азаттықтың ақ таңы еншісіне бұйырған бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ.  Қан мен тердің  арқасында  қол жеткізген  еркіндіктің әр сәті "Елім" деген, ел ертеңін ойлаған әр жан үшін  ерекеше қымбат екені даусыз. 
    Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім" атты мерекелік іс-шара бүгін 14 жетоқсан күні Алмалы аудандық білім бөлімінің басшылығының қолдауымен ұйымдастырылып, Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия шаңырағында  болып өтті.
    Мерекелік іс-шараның шымылдығын ашқан Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Жусупов Бауыржан Төремұратұлы ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекеемен құттықтады.  Сөз соңында Республикамыздың іргесі берік, қазығы мықты болуына  ұстаздардың үлесі орасан зор екенін атап өтті.
Мерекелік концертті ауданымыздың білім беру ұйымдарында қызымет етіп жүрген Тәуелсіздік құрдастарынан құралған ұстаздар қауымы мен оқушылар және білі беру ұйымдарының басшылары әнмен шашу шашып, бимен көрермен көңілін тәнті етті.