“Ғибрат” шешендік өнер үйірмесі » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » “Ғибрат” шешендік өнер үйірмесі
05
октябрь
2023

“Ғибрат” шешендік өнер үйірмесі

Шона Смаханұлы атындағы #62-гимназияның @gymnasium_62_official “Ғибрат” шешендік өнер үйірмесі жоспарлы жұмысын жалғастыруда. Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар. Мыңнан астам оқушыдан оза шауып рухани ортаға қосылған шәкірттер ата-бабамыздың асыл мұрасын бағалап, сөз құдіретін түсінуге ниеттеніп, шабытты күймен жаңа есікті жалынды түрде ашып кірді. Талантты жастардың аз емесі қуантты. Алғашқы кездесуге келген “Жыл шешендері” Жалғас @olenornek пен Шыңғыстың @erboluly.sh әсерлі сөздері мен жақсы ұсыныстарының оларға қанат бітіргені анық байқалды. Араларында Жалғас жазып жүрген қысқа әңгімелерді құныға оқып жүргендері де бар екен. Ал республикалық “Абай” мектебінің @abai_rmmi 9-сынып оқушысы Нұрай Нұрболатқызының парақшамыздан жарияланған әңгімесі ондағы замандастарын тіптен шабыттандырыпты. “Нұрайдай болсам ғой” деген арманын ашып айтқан оқушыға риза болдық. Түске дейін арнайы шақырылған айтыскер Айтбек Тұрсынбай екеуміз айтыс пен сөз өнері жайлы ет асым уақыт емін-еркін білгенімізді айтып біршама ой қозғадық. Одан кейінгі үйірме аясындағы сабаққа да шаршамай қатысқан оқушылардың талабы мен сабыры тәнтті етті. Осылайша жаңа үйірме, жаңа орта тың қарқынмен алға қадам басуда. Жақсы жоспар көп-ақ, ретіне қарай жүзеге асады деген сенімдеміз!

“Ғибрат - жаңалық”.