ЖАС ТҮЛЕК-2023! » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » ЖАС ТҮЛЕК-2023!
21
июнь
2023

ЖАС ТҮЛЕК-2023!

21.06.2023ж күні «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты мектеп бітірушілердің жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру салтанатты жиыны болып өтті.
2022-2023 оқу жылында гимназиямызда 72 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 10 оқушы АЛТЫН БЕЛГІ иегері және 3 оқушы ҮЗДІК АТТЕСТАТпен аяқтады.
Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақанын,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып барлық түлектерімізді осы дәрежеге жеткізіп тәрбиелеген ата-аналарына және 11 жыл бойы гимназиямыздың өміріне белсене қатысып, жанашыр болған ата-аналарымызға алғыс білдірдік!
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын - деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз!

https://www.instagram.com/p/Ctx5DG8ovyW/