"Нью-Йорктің жұлдызды жолдары"
Ағымдағы жылдың маусым айында Нью-Йоркте өткен халықаралық "Нью-Йорктің жұлдызды жолдары" байқауына Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның музыка пәні мұғалімі Т.Әлімбайұлының жетекшілігімен 10-сынып оқушысы Айдарұлы Әлмерек қатысып, жоғарғы топ арасында "Ұлттық аспап" номинациясы бойынша жүлделі I орынды илеленді. Гимназия мәртебесін халықаралық деңгейде танытып жүрген мақтанышымыз Әлмерек Айдарұлын және жетекшісі Тасқын Әлімбайұлын үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!