08
февраль
2022
Республикалық байқау
Көп дарынның өнерінен хабардар болып, өзі де ортада топ жарған, қызығы мен қиындығы қатар жүретін республикалық ALASH OQULARY өнер байқауында "АСПАПТА ОЙНАУ" номинациясы бойынша гимназиямыздың 7 "А" сынып оқушысы Асубек Адиа өнер көрсетіп, ерекше дарымен танылып, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Жүлдегер оқушымызға сонымен қатар Нұрсұлтан қаласында өткізілетін байқауға 30% жеңілдік жолдамасы берілді. Гимназия ұжымы мақтанышымыз Адианы үлкен марапатпен құттықтаймыз! Бағындырар асуларың көп болсын, Адиа!