08
сентябрь
2022
"Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы "
08.09.2022ж күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында гимназия кітапханасында "Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.