Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыр сұхбат» жергілікті ақын –жазушылармен кездесу
29
сентябрь
2025

«Сыр сұхбат» жергілікті ақын –жазушылармен кездесу

29.09.2025ж күні гимназия оқушыларының әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жергілікті қаламгерлердің еңбегін насихаттау мақсатында мектебімізде «Сыр сұхбат» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға жергілікті ақын, жазушы Айтбек Тұрсынбай арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Кездесу барысында қонақ өз шығармашылығы, ақындық жолы, алғашқы туындылары туралы сыр шертіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар өз өлеңдерінен үзінді оқып, жас ұрпаққа кітап оқудың маңызы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Оқушылар кездесуге белсене қатысып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Шара соңында қонаққа алғыс білдіріліп, естелік суретке түсу ұйымдастырылды.
Аталған кездесу оқушылардың рухани дамуына оң әсер етіп, шығармашылыққа баулуда маңызды рөл атқарды.