Ертеңгі елдің тұтқасы- бүгінгі жас бүлдіршін » 62 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 374-07-30
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-28
Версия для
слабовидящих
» » Ертеңгі елдің тұтқасы- бүгінгі жас бүлдіршін
18
ноябрь
2019

Ертеңгі елдің тұтқасы- бүгінгі жас бүлдіршін

 Алматыдағы №62 гимназия бүгінде қазақтың белгілі ақыны, сықақшы Шона Смаханұлы атында екенін екінің бірі біледі. Жоғарыда аты аталған ақын атамыздың туғанына биыл 95 жыл толып отыр. Осыған орай таяуда аталған гимназияда ақын атамыздың мерейтойына орай, 1- сынып оқушыларымен   

«Біз білімді балдырған» атты тақырыбында тілашар мерекесі өткізілді.

       Баланың мектеп жасына жетіп, білім шаңырағының табал­дырығын аттауы ата-ана үшін үлкен қуаныш екені даусыз.

      Шона атамыздың «Анамның тілі - аяулы үні», «Ортеке» әнін тамылжыта орындап, көрерменді тәнті етті. «Он саусақ», «Шимайбек» секілді сықақ өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 1 «А» сынып оқушылары «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалынан шағын көрініс көрсетті. 

      Ертеңгілік соңында балаларының бойындағы өзгерісті, білімге деген мақтаныш сезімін байқаған ата-аналар гимназия  ұжымына ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, үкілеген үміттеріне сенім артқан ата-ана да,  білім мен тәрбиеден сусындатқан ұстаздар да  бұл күні ерекше қуанышты  көңіл-күйде болды.